ЖУМАГЕЛЬДИЕВА Гульдариха
Мен, Жумагельдиева Гульдариха Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында 1964 жылдың 11 сәуірінде дүниеге келдім. 1970-1980 жылдары «Қоғам» орта мектебін , 1980-1984 ж Шымкент педагогика институтының математика факультетін бітірдім. 2022 жылы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (ОҚМУ) Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алдым. Еңбек жолымды 1984 жылы қыркүйектен бастап, Отырар ауданындағы «Қоғам» орта мектебінде математика пәні мұғалімі болып бастадым.
05.09.1984ж | 23.07.1985ж | ОҚО, Отырар ауданы, «Қоғам» орта мектебінің математика пәні мұғалімі. |
08.10.1985ж | 12.11.1986ж | Ақтөбе қаласы, эксплуатация бөліміне электронды есептеу машинасының операторы. |
20.01.1986ж | 01.09.1986ж | Кентау қаласы, №22 жалпы орта мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі. |
01.09.1986ж | 31.08.1995ж | Кентау қаласы, №12 жалпы орта мектебіне математика пәні мұғалімі. |
01.09.1995ж | 01.03.1999ж | Түркістан қаласы, «М. Қазыбеков» жалпы орта мектебінде математика пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. |
01.09.1999ж | 13.11.1999ж | Отырар ауданы, «Қоғам» орта мектебіне математика пәні мұғалімі. |
03.01.2000ж | 29.08.2001ж | Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде математика пәні мұғалімі. |
2001ж | 2003ж | Кентау көпсалалы колледжі, математика пәнінің мұғалімі. |
2003ж | 2004ж | Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары |
26.08.2001ж | 07.09.2011ж | Кентау көпсалалы колледжі, математика пәнінің мұғалімі. |
07.09.2011ж | 08.04.2022ж | Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектеп директоры қызметін атқарды. |
08.04.2022ж | Бүгінгі күнге дейін | «әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясының директоры. |
Отбасымда жолдасым Ибадуллаев Бектемірмен 5 ұл-қыз тәрбиелеп отырмын. Жолдасым «Кентау-Сервис» мекемесінде қауіпсіздік қызметінің басшысы қызметін атқарады. Еңбек жолымда атқарған еңбегім еленіп, төмендегідей марапаттарға ие болдым.
«Ы. Алтынсарин медалі» (27.09.2011ж, №01163), ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасы»(30.09.2015ж), ОҚО мәслихатының грамотасы (ақпан 2018 жыл), Түркістан облысының білім басқармасы «Құрмет грамотасы»(2019ж) Түркістан облысының білім басқармасы Облыстық әдістемелік орталығының «Алғыс хаты» (2019ж №509)., «Құрмет грамотасы»(№1111) Түркістан облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасы» 2019ж. «Қала жанашыры» төсбелгісі 2019ж. Астана қаласының 20 жылдығы байқау жеңімпазы: «Үздік математика пәнінің мұғалімі-2018» 1-ші дәрежелі диплом. Түркістан облысы АӘД бөлімі басшысының «Құрмет грамотасы» 2021ж №420. Кентау қалалық АӘД бөлімі басшысының «Алғыс хаты» 2021ж. Түркістан облысы АӘД «Білім беруді дамыту орталығының дипломы». Кентау қаласының «Құрметті азаматы» 2021ж. «Табысты менеджер-2022», «Аманат партиясы» Кентау қалалық филиалының «Алғыс хаты» 2022ж. «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі 2022ж. Түркістан облыстық мәслихатының грамотасы 2022ж. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Алғыс хаты» 2022ж. Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ мадақтамасы 2022ж. Қасым- Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция «Алғыс хаты» 2022ж.