

2024 жылы 2 қаңтар күні
"DosbolLike" балаларды қорлаудың алдын-алу бағдарламасына сәйкес, оқушылардың сыныптастарымен қарым-қатынасында бір-біріне көмектің маңыздылығын түсіндіру, жақсылық жасау арқылы өмірге деген құлшыныстарын арттыру мақсатында мектеп психологтары 9 "Ә" сынып оқушыларымен
"Өзіне сену: мен істей аламын, сен істей аласың, біз жасай аламыз!" тақырыбында сабақ өтті. Сабақ соңында оқушылар бір-біріне көмектесудің, жақсылық жасаудың маңызды екенін түсініп, бір-біріне ризашылдық, достық сезімдерін білдірді.